Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚТЖ төрағасы Талғат Алдабергенов жаз айларында елімізде болатын пойыз билеттерісвввв тапшылығы туралы айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

ҚТЖ басшысы қыста пойыздардың 30%-ы бос болса, жазда билет тапшылығы болатынын айтты.

«Қазір билеттердің 87 пайызы әртүрлі сервис арқылы онлайн сатылады. Қысқы уақытта пойызбен қатынайтын жолаушылар саны азаяды, осыған байланысты парктің 30%-ы тоқтап тұрады. Бірақ біз қызметкерлерге жалақы төлеп, пойыздарды күтіп ұстаймыз. Яғни маусымға байланысты. Мысалы жеті айдың қорытындысы бойынша жолаушылар вагондарының орташа толу көрсеткіші небәрі 73% болған. Қыс айларында біз тоқтап тұрсақ, жазда керісінше тапшылық болады. 2030 жылға қарай жылжымалы құрам паркін жаңартып, ұлғайтқаннан кейін бұл мәселе шешіледі», — деді Алдабергенов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Фото: ҚТЖ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *