Қазақстанда 24,4 млн тонна мал азығы дайындалды
Өңірлерде алдағы қыс маусымына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірқатар облыста ең жоғары қарқын байқалады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында жоспар 115%-ға орындалды, Ақмола облысы мен Шымкент қаласында — 100%, Қостанай облысында — 99%, Жетісу облысында — 98,7%, Алматы облысында — 92,6%, Павлодар облысында — 91,1%.
20,8 млн тонна шөп (жоспардың 85,1%-ы), 1,7 млн тонна сүрлемшөп (99,2%), 749,7 мың тонна құнарлы жем (13,4%), 1,4 млн тонна сабан (31,0%) дайындалды.
— Жалпы 2025–2026 жылғы қыстауға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлемшөп, 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құнарлы жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған. Мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты, — деп атап өтті министрлік.
Фото: Ашық дереккөзден