Түркиялық инвесторлар Қазақстанда су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Министр Нұржан Нұржігітов Түркияның Ardent Plastik және Nigde Plastik компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы Азми Берк Алтунташпен кездесті. Жиында Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Түркиялық кәсіпкерлер Қызылорда облысында су үнемдеу технологияларын – тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін шығаратын зауыт салуды көздеп отыр. Министр мен компания өкілдері жобаның ауқымы, мерзімі және іске асыру тәртібі жөнінде пікір алмасты.

«Мемлекет басшысы су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Осы мақсатта біз тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін сатып алу мен орнатуға берілетін субсидияны ұлғайттық. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруаларға суару суына берілетін субсидия көлемі артты. Мұндай жүйелердің Қазақстанда өндірісі олардың қолжетімділігін арттырып, тиімді әрі үнемді суару тәсілдеріне көшуді жеделдетуге мүмкіндік береді»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *