«Қайрат» — «Реал Мадрид» матчының билеттері қанша теңге болады?
«Қайрат» футбол клубы алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойындарына билет сату жөнінде ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Клубта әлеуметтік желілерде тараған «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билет сату немесе брондау туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
«Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары», — делінген мәлімдемеде.
Клуб өкілдері қазіргі таңда билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілмеген ескертті.
Қазақстандықтарға бейресми хабарламаларға сенбеуді және билеттерді ресми емес арналар арқылы сатып алмауды қатаң ескертеді.
Фото: Ашық дереккөз