Трамптың Путиннен «көңілі қалған»
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей лидері Владимир Путиннен «қатты көңілі қалғанын» айтты. Бұл туралы ол The Scott Jennings Show арнасына берген сұхбатында айтқан. Бағдарлама жүргізушісі Скотт Дженнингс өзінің X парақшасында үзінді жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ президенті Путинге деген наразылығының нақты немен байланысты екенін түсіндірмеді.
Мен одан қатты көңілім қалды. Біз әрқашан тамаша қарым-қатынаста болдым. Менің көңілім қалды. … Не болатынын көреміз. Бірақ мен президент Путиннен қатты көңілім қалды. Мен мұны айта аламын. Біз адамдардың өмір сүруіне көмектесу үшін бірдеңе жасаймыз. Білесіз бе, бұл Украинаға қатысты ғана мәселе емес. Адамдар осылай өмір сүреді. Аптасына жеті мың адам өледі. Ресейліктер мен украиндықтар, бұл соғыстың мағынасы жоқ! – деді.
Сейсенбі күні Ақ үйде өткен брифингте сөйлеген АҚШ президенті егер Украина қақтығысында ілгерілеушілік болмаса, Вашингтон «басқа ұстанымда» болуы мүмкін екенін айтты. Ол Украина қақтығысына қатысты оқиғаларды жіті бақылауды жалғастыратынын атап өтті.
Фото: Ашық дереккөз