«Кедергісіз келешек»: Қызылордада әлеуметтік нысандарға бақылау жүргізілді
«AMANAT» партиясының қалалық филиалының жанынан «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында құрылған мониторинг тобы әлеуметтік нысандарға бақылау жүргізді.
Аралау барысында Қызылорда облыстық консультативтік-диагностикалық орталығында бірқатар мәселелер зерделенді.
Оның ішінде:
— арнайы автотұрақ орындары;
— тактильді бағыттаушы жолақтар;
— лифтінің нормаға сәйкес келмеуі;
— көмек шақыруға арналған арнайы қоңырау түймелері;
— дәретхана бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайсыздықтар туғызатын кедергілер.
Топ мүшелері медицина орталығының мамандарына партиялық жоба аясында тұрғындар үшін кедергісіз орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.