Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комитетінің атын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.

Тоқаев заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комитетті инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атауды ұсынды.

«Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Алайда, ешбір мемлекеттік органның атауында «инвестиция» деген сөздің болмауы бірден көзге түседі. Бұл мәселе үш-төрт мекеменің қарауында, бірақ нақты шешімін таппай келеді. Сол себепті премьер-министрге 10 күн ішінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар, үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде дайындауды жүктеймін»,  — деді президент.

Соңғы жылдары мемелекетке шамамен 850 миллиард теңге қайтарылды. Бұл қаражат 10 мектеп пен 4 спорт нысанын салуға, 235 денсаулық сақтау нысанын салу және жаңғыртуға, сондай-ақ 177 су инфрақұрылымы нысанына бағытталды.

Сондай-ақ, Тоқаев республикалық бюджетке қосымша қаражат түсетінін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Мемлекет басшысы өз Жолдауын жария етіп жатыр. Бұған дейін ол жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *