“ТАЗА БЕЙСЕНБІ”: ҚЫЗЫЛОРДАДА 2 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
Қызылордада “AMANAT” партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» акциясы аясында кенттің шығыс бөлігіндегі, М.Шаменов көшесінің басында орналасқан «Қисық арық» каналының бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Арна бойындағы қоқыстар жиналып, өскен шөптер шабылып, су жолы толықтай ашылды.
Аталған шараға бастауыш партия ұйымдары және 50-ден астам тұрғын атсалысты.
“Жаз мезгілі — су ең қажет шақ. Бұл кезеңде барлық өсімдіктер мен бау-бақшаға судың дер кезінде жетуі өте маңызды. Сол себепті су арналарының тазалығы — қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі”, — деді партия филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева.
Тазалық барысында арнаның 1 шақырым бөлігінде жұмыстар жүргізіліп, 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.