«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Онда сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, Жол картасының орындалуы, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мен партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссияның жұмыс есебі, партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне түскен өтініштердің орындалу барысы жан — жақты талқыланды.
Алғашқы мәселе бойынша партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова кеңінен тоқталып, есепті кезеңде Жол картасындағы 110 тармақтың 22,7% орындалып, 77,3% пайызы орындалу сатысында екенін жеткізді. Сонымен қатар, аймақ басшысының қолдауымен өңірде Жол картаның іске асырылу барысын мониторингілейтін және бақылайтын облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік ететін бірлескен штаб құрылғандығын, штаб барлық іс-шараларды ұйымдастыруға, олардың тиімділігін, үйлестіру мен нәтижелілігін арттыруға ықпалын тигізіп отырғандығын атап өтті.
Облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Жорабек Нұрымбетов фракция қызметінің негізгі басымдығы — азаматтардың мүдделерін қорғауға, әлеуметтік маңызды мәселелерді ілгерілетуге, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталып отырғандығын тілге тиек етіп, бұл бағытта жұмыстар жүйелі жалғасын табатындығын жеткізді.
Атап өтейік, есепті кезенде фракция мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 196 депутаттық сауал жолданып, олардың 152 оң шешілген. 22 мәселе орындалып жатса, 21 мәселеге қатысты нақты түсіндірме берілген.
Партиялық бақылау комиссиясы жұмысна келсек, 9 ай қорытындысы бойынша Партиялық бақылау комиссиясының 9 отырысы өткізілген. Комиссия отырысы және рейдтік жұмыстар барысында 114 ұсыныс әзірленіп, оның 80-і орындалған. 34 мәселе жұмыс барысында. Облыс бойынша бүгінгі күнге партиялық жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы комиссия жұмысында Жол картада көзделген әлеуметтік нысандар құрылысының сапалы және мерзімінде аяқталуына да ерекше мән беріп отырғандығын атап өтті.
«Сайлауалды бағдарламаны облыс бойынша іске асыру басталған кезеңнен бастап 81 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылса, бүгінгі күнге 77 нысан пайдалануға берілді. 4 нысан құрылысы партиялық бақылауда», — дейді Нұркен Бақытбекұлы.
Бюро отырысында облыстық филиал жанындағы қоғамдық қабылдау бөліміне келіп түскен азаматтардың өтініштері де сөз болды. Жыл басынан бері партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне барлығы 6092 өтініш түсіп, оның 62.8 пайызы оң шешімін тапқан. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі жұмыспен қамту және еңбек қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша,- деді атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өткен партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов.
Жиынды қорытындылаған партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов «AMANAT» партиясы халықпен ашық әрі тұрақты диалог орнатып, азаматтардың талап-тілектеріне дер кезінде жауап беруді басты міндет санайды. Партия жұмысындағы ашықтық, жауапкершілік және тиімділік, сайлауалды уәделердің уақтылы және сапалы орындалуы алдағы уақытта да басым бағыттар болып қала беретіндігін жеткізді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *