Бүгін «AMANAT» партияның Саяси менеджмент академиясының бастамасымен Сыр өңірінде бастауыш партия ұйымдары төрағалары үшін арнайы оқу семинары басталды. Оқу семинарының ашылуына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ермұхан Жұмабек қатысты.
Оқу семинары бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіру, оның ішінде «Әйел аманаты» модульі аясында ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға, белсенділердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталып отыр.
Семинар-тренингті «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ермұхан Жұмабек жүргізуде. Онда қатысушылар партияның стратегиялық құжаттарымен танысып, БПҰ жұмысын тиімді жүргізу жолдарын талқылауда.
Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары, семинар лекторы Ермұхан Жұмабек: оқу курстары барысында қатысушылар БПҰ-ның партия мен халық арасындағы негізгі буын ретіндегі рөлі туралы жүйелі түсінік алады. Қоғамдық-саяси процестердегі өз рөліне деген сенімін қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, Саяси көшбасшылық пен коммуникациялық дағдылар бойынша арнайы бағдарламадан өтеді,- дейді.
Атап өтейік, оқу семинары 2 күннен ұйымдастырылуда. Алғашқы топта 35, келесі топта 35 барлығы 4 күн ішінде 70 бастауыш партия ұйымдарының төрағалары білімін жетілдіретін болады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *