Джеки Чан Қазақстанда кино түсіреді
Джеки Чан Қазақстанда жаңа фильм жобасына локациялар таңдады, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Танымал актер Джеки Чанның Алматыға келуі тек қонақ ретінде емес, кино саласындағы маңызды жоспарлармен байланысты болып шықты.
Salem Entertainment компаниясының хабарлауынша, Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін бірлескен жаңа жобаның жұмысына кірісіп кеткен. Актер түсірілім өтетін орындарды қарап, бірнеше нысандарды таңдап үлгерген.
Сапар барысында Джеки Чан Шымбұлаққа барып, табиғат аясында серуендеп, дәстүрлі қазақ шапанын киіп көрді. Сонымен қатар, ол жергілікті жанкүйерлермен естелік суреттерге түскен.
Компания жобаның нақты мазмұнын әлі жарияламағанымен, бұл ауқымды әрі маңызды кинотуынды болатынын атап өтті.