Інжуді біразыңыз білетін боларсыздар. Қытайлық қаршадай қазақ қызы TikTok қолданушыларына жақсы таныс. Әуезді әндерімізді әуелете орындап, жаһан жұртшылығының назарын қазақ өнеріне аударды.

Шығыстағы көршілеріміз алдымен Димашты айтса, кейін Інжуді сөз етіп, тыңдармандары төл тілемізді меңгеруге кіріскен.

Иә, қазір қазақ тілі — тренд. Өзге жұрт тансық көріп жүргенде, өзіміздегі кей кісі қаңсық санайтыны жасырын емес. Ондайларға Інжу үлгі болуы тиіс. Жырақта жүрсе де ана тілін ұмытпай, одан қалды насихаттап жүр.
Бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде танысып, содан соң сюжет үшін сұхбат та құрдық. Бүгін жүзбе-жүз кездесуге мүмкіндік туды. Астанаға арнайы келіпті. Бұл бас қалаға екінші сапары. Мұндай мерейлі мезетті құр жібермей, тағы да телеарнаға таспаладық.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Айтарым бар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *