Қарағандыда көпшіліктің назарын аударған қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. 38 жастағы ер адам 15 жастағы мектеп оқушысымен «неке қиғаны» үшін жауапқа тартылып жатыр.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, жасөспірімнің анасы мен өгей әкесі оны діни рәсім арқылы отбасы болып араласып жүрген досына ұзатқан. Қыз бірнеше күн «күйеуінің» қолында болып, зорлық көргенін айтқан. Кейін ол қашып, туған әкесіне барып, ол бірден құқық қорғау органдарына жүгінген.

Оған кәмелетке толмағанды зорлау бабы бойынша айып тағылып, сот кінәсі дәлелденген жағдайда 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *