Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұрынғы жылдары депутаттық мандаттардың 100 мыңнан 1 миллион долларға дейін сатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Президенттің сөзінше, сол кезде жиналған қаражат партия басшыларының қалтасына кеткен.

«Бұрын депутаттық орындар 100 мың, тіпті 1 миллион долларға дейін сатылған. Ақаев кезінен бастап кандидаттар 100 мың сом көлемінде жарна төлейтін. Содан бері қанша уақыт өтті», – деді Жапаров.

Мемлекет басшысы енді мұндай жағдайға жол берілмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа сайлау жүйесіне сәйкес республикадағы 30 округтің әрқайсынан үш депутат сайланады. Олардың бірі гендерлік теңдік талабына сай әйел үміткер болуы тиіс.

Сонымен қатар әр кандидат 300 мың сом көлемінде жарна төлеуге міндетті болады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *