Жапонияның жаңа премьер-министрі болып Санаэ Такаити тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бүгін, 21 қазан күні, Жапония парламентінің төменгі палатасында жаңа премьер-министрді сайлау өтті. 64 жастағы Санаэ Такаити Жапонияның жаңа премьер-министрі болды.

Ол елдің билеуші Либерал-демократиялық партиясын (ЛДП) басқарып, тарихтағы алғашқы әйел үкімет басшысы атанды. Такаитидің кандидатурасын парламенттегі 465 депутаттың 237-сі қолдаған.

Санаэ Такаити — консервативті көзқарасымен танылған саясаткер. Бұрын Ішкі істер және коммуникациялар министрі болған. Сарапшылар бұл сайлауды Жапония саясатындағы маңызды тарихи сәт деп бағалап отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *