Елімізде жылына 5 миллион тонна мұнай өңдей алатын төртінші зауыттың құрылысы жоспарланып отыр. Энергетика министрлігі жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше өңірді, соның ішінде Маңғыстау облысын да қарастырып отыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы 2025-2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге аспақ.

Құжатқа сәйкес, жоба бірнеше кезеңмен іске асырылады:

  • 2028-2030 жылдары – техникалық-экономикалық негіздеме (pre-FEED) әзірленеді;
  • 2030-2032 жылдары – жобалық-сметалық құжаттар дайындалады;
  • 2032-2040 жылдары – зауыттың құрылысы жүргізіледі.

Болашақ кәсіпорын көмірсутек шикізатын терең өңдеуге және ТС-1/Jet A-1 санатындағы авиациялық отын өндіруге бағытталмақ.

«Маңғыстау облысында қуаттылығы жылына 5 млн тонна жаңа мұнай өңдеу зауытын салу алдын ала инвестиция тартуды талап етеді, сонымен қатар инвестицияның өтелуін қамтамасыз ету үшін авиаотынның өзіндік құны жоғары болатынын ескерген жөн», – деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Қазіргі таңда елімізде 3 ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олар Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында орналасқан. Бұл зауыттарды жаңғыртудан кейін авиаотын өндірісі жылына 300 мың тоннадан 633 мың тоннаға дейін артқан.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *