Қазақстанда дизель отынының тапшылығына негіз жоқ. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов мәлім етті.

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер жанар-жағармай бағасына қатысты сұрақ қойды.

«Сарапшылардың айтуынша, қазір арзан дизель отынын фермерлер, көлік компаниялары, коммуналдық қызметтер алдын ала жаппай сатып алу мүмкін. Осының салдарынан нарықта отын тапшылығы орын алуы ықтимал. Министрлік бұл мәселені қалай шешіп жатыр?» — деп сұрады журналистер.

Жалпы, бұл нарық ырықтандырылды, әсіресе бензин мен дизель отынына қатысты. Осы орайда баға нарық арқылы реттеледі. Жақында мораторий енгізілгенін білесіздер… Атап айтқанда, ондай жағдай (тапшылық) болады деп ойламаймыз. Бізде отын қоры жеткілікті. Қазір нарықтағы сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, еліміздегі жанармай нарығының жағдайы тұрақты, — деді С. Жаркешов.

Фото: Pixabay.com

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *