Қызылордада тоқтап қалған көпір құрылысы қайта жанданды

Мердігер мекеме өзіне жүктелген міндеттемелерін толық орындамау салдарынан өткен жылы сот процестері жүргізіліп, келісім шарт біржақты бұзылды. Сондай-ақ көпір құрылысы жұмыстарын аяқтау үшін қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз болып «НұрлыТау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталды.
Биыл сәуір айында облыс әкімнің қолдауымен көпір құрылысы қайта басталып, жаңа мердігер мекеме тиісті жұмыстарды бастаған болатын. Ал аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қарлан учаскесіне барып, мердігер мекеменің жауапты өкілімен кездесті. Аудан басшысы Сырдария өзенінің арғы бетіндегі тұрғындар үшін бұл көпірдің маңыздылығы жоғары екенін айтып, құрылысшыларға ең бірінші кезекте құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуы керектігін жеткізді.
Бүгінде көпір құрылысы қарқынды жүргізіліп, көпірдің кіреберіс жолдарын салу, Сырдария өзеніндегі суды уақытша бөгеу арқылы бетонтіреулерді құю жұмыстары жүргізілуде.
Қарлаң көпірінің құрылысы тезірек аяқталса Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекеніндегі 12 мыңға жуық халықтың алыс-берісі артып, жол қатынасы жақсара түспек.
Фото: Қазалы ауданы әкімдігі












