Қазақ тазысы халықаралық деңгейде танылды. Бұл енді құмай тазының халықаралық көрмелерге қатысуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Orda.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстан кинологтар одағы соңғы үш жылда Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі атанған. Кейін қазақ тазысы тұқымын халықаралық мойындауға ресми өтінім берілген. Нәтижесінде FCI Бас комитеті қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындау жөнінде тарихи шешім қабылдады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды тазылары бар. Олар — Наурыз, Ронни және Нэнси.

Бір жыл бұрын Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронға тазаның екі күшігін сыйға тартқан. Оларды Жюль мен Жанна деп атаған. Ел басшылары тазылармен бірге Елисей сарайының бақшасында серуендеген.

Бұған дейін сенатор Бибігүл Жексенбай тазыны шетелге әкетуге шектеулер енгізуді ұсынған болатын.

Тамыз айында Қазақ тазысы Хельсинкидегі Дүниежүзілік көрмеде жүлделі орындарды иеленді.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *