Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны Нұргүл Бақытқызы мемлекет бағдарламасымен несие алып, жылыжай кешенін тұрғызды. Шағын жылыжай алғашқы өнімін бере бастады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және баға тұрақтылығын сақтауға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығының мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер 8 млн теңге несие қаражатын иемденіп, Арал қаласы тағы бір жылыжаймен толығып отыр. Қазір кәсіпкер өз еңбегінің жемісі ретінде алғашқы өнімдерін алуда.

Жылыжай аумағы 200 шаршы құрайды. Сонымен қатар, күніге 40-50 кг қияр өндіріп, жергілікті азық-түлік дүкендері мен кент тұрғындарын жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуде.

«Бұл соңғы климаттық жағдайлар мен конструктивті шешімдерді қолдана отырып жасалған соңғы үлгідегі жылыжай. Жылыжай өнімдерінің ерекшелігі жоқ, бірақ біз өсірген негізгі сорттың дәмі жоғары деп мақтанышпен айтуға болады», дейді жылыжайдың басшысы Нұргүл Бақытқызы.

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *