Темекіге түбегейлі тыйым салған алғашқы мемлекет
Енді 2007 жылдың қаңтарынан кейін туған барлық адамдарға темекі шегуге тыйымы кезең-кезеңімен енгізіледі. Аталған бастама Мальдив елінде жүзеге аспақ. Осылайша, ол болашақ ұрпақ үшін өмір бойы темекі шегуге тыйым салған әлемдегі алғашқы мемлекет атанып отыр.
Президент Мохамед Муиззудың бастамасы 1 қарашадан бастап күшіне енді. Жаңа ережелерге сәйкес, 2007 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін туған азаматтар мен туристерге темекі өнімдерін сатып алуға, пайдалануға және сатуға толық тыйым салынады. Тыйым барлық темекі түрлерін қамтиды, ал сатушылар сатып алушылардың жасын тексеруге міндетті», деп жазады The Guardian.
Бұған қоса, елде жасына қарамастан барлық азаматтар мен туристер үшін электронды темекі мен вейпті әкелуге, сатуға және қолдануға да толық тыйым салынған. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқан кәсіпкерлерге 50 мың руфия (шамамен 3,2 мың доллар) көлемінде айыппұл салынады. Ал вейп қолданғандарға 5 мың руфия (шамамен 320 доллар) айыппұл қарастырылған.
Фото: Ашық дереккезден












