Елордада өтіп жатқан Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығының ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі оқылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәстүрлі Astana Media Week форумы тәжірибе мен ақпарат алмасудың маңызды алаңына айналды. Биылғы медиа апталық осы дәстүрді лайықты түрде жалғастырып отыр. Ақпарат – басты ресурсқа айналған заманда біздің осындай басқосуларымыздың маңызы ерекше. Осындай алаңда ғана біз өзекті мәселелерді ашық талқылап, қорытынды жасап, соның негізінде бизнес пен мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты маңызды шешімдерді талқылай аламыз, — делінген министрдің құттықтауында.

Айтуынша, бүгінде Қазақстан кеңістік пен уақыт тоғысындағы ерекше кезеңді бастан өткізуде.

Мемлекет қоғам мен медиа азаматтардың сұранысына сай елдің алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқындап береді. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды құру ісінде осындай өзара бекем байланыс берік іргетасқа айналуға тиіс» дегені де бекер емес. Қазіргі кезде дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа арасындағы бәсекелестік күшейіп отырғаны жасырын емес, — деді Аида Балаева.

Айта кетейік, елордада Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығы басталды.

Үш күнге жалғасатын айтулы жиын биыл «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбы аясында өтеді. Апталыққа медиа мамандар, халықаралық серіктестер және мемлекеттік ұйымдар жиналып, ой қозғайды деп күтілуде.

Фото: Арман Мухатов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *