«AMANAT»: Қызылордада Бюро отырысы өтті
Бүгін партияның Қызылорда партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың төрағалығымен партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ
Алқалы жиында облыстық филиалдың кезектен тыс ХХХV конференциясын шақыру, конференцияның күн тәртібін бекіту, филиал төрағалығына кандидат ұсыну және облыстық Саяси кеңесті шақыру туралы мәселелер қаралды.
Бюро отырысында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың аудан әкім болып сайлануына байланысты бұл лауазымға облыстық филиалдың төрағалығына кандидаттарды талқылады.
Бюро отырысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, Бюро мүшелерімен нақты шешімдер қабылданды. Филиал төрағасына үміткердің кандидатурасы конференцияға ұсынылды.












