Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға барды
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Фото: Ақорда












