Тоқаев ҚХР Төрағасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Фото: Ақорда












