Әр 10 минут сайын 1 әйел өз жақындарының қолынан қаза табады
Әйелдер үшін ең қауіпті орын өз үйі болуы мүмкін. БҰҰ-ның мамандары осылай деп отыр. Анығын айтсақ, 2025 жылғы фемицид туралы баяндамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы жазылған.
БҰҰ есебі бойынша өткен жылы 83 мың әйел мен қыз бала қасақана өлтірілген. Оның ішінде 60 пайызы жақындарының қолынан бақилық болғандар. Ұйымның 2025 жылғы фемицид туралы баяндамасы тәулігіне 137 қыз баласы, яғни әлемде 10 минут сайын біреуі зорлықтан қайтыс болатынын көрсетті. Салыстыратын болсақ, ер адамдар арасындағы өлім жағдайларының тек 11 пайызы жақын-жуығының тарапынан жасалған.
— Зорлық бір сәтте бола салмайды. Бұл көбіне тұтас тізбектің нәтижесі. Әдетте әйелдер бастапқыда бақылаудан, қоқан-лоқыдан, қудалаудан өтеді. Оның ішінде онлайн қудалау – кейінгі кезде жиілеп кеткен мәселе,- дейді БҰҰ әйелдер саясаты бөлімінің директоры Сара Хендрикс.

Фото ашық дереккөзден алынды












