Қысқы дөңгелекке ауыспаған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады
1 желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелекке ауыспаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Заңға сәйкес, 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көлік міндетті түрде қысқы дөңгелекпен жүруі тиіс. Талапты орындамаған жүргізушілерге шара қолданылады.
Бірінші рет ереже бұзған жағдайда 5 АЕК, яғни 19 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды. Ал қайталанса, 20 АЕК-ке дейін өсіп, шамамен 79 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.
Фото: Оңалхан Өнерхан












