Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Түрікменстанға барады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады», — делінген хабарламада.
Фото: akorda.kz












