Қырғызстан Конституциялық соты өлім жазасын қайта енгізу Конституцияға сәйкес келмейтінін атап өтті. Сондықтан бұл бастама заң жүзінде іске аспайтын болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Конституциялық соттың мәліметінше, ел заңдары адамның өмір сүру құқығын ең жоғары құндылық деп таниды. Өлім жазасын қайтару осы қағидалардан бас тарту және елдің құқықтық бағытын өзгерту дегенді білдіреді.

Халықаралық міндеттемелер де бұған жол бермейді. Қырғызстан өлім жазасын толық жоюды көздейтін халықаралық хаттамаға қосылған. Ал бұл құжаттан бас тарту мүмкін емес. Демек, ел өлім жазасын қайта енгізбеуге міндеттелген.

Осы себептерге байланысты Конституциялық сот президент Садыр Жапаров ұсынған өлім жазасын қайтару жөніндегі түзетуді тоқтатты.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *