Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков биылғы Чемпиондар Лигасының үздік қақпашысы атанды. 22 жасында турнирдің төрт ойынында 24 сейв жасап, ең көп голдың алдын алған ойыншы ретінде статистикалық көрсеткіш бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Orda.kz.

Темірлан Анарбеков Реал Мадридке қарсы ойында жарақатқа байланысты алаңға шықпағанымен, басқа матчтарда өзінің тамаша қақпашы қабілетін көрсетті. Әсіресе «Селтикке» қарсы екі матчта қақпасын таза сақтап, пенальти сериясында үш соққыны тоқтатқаны команданың іріктеу кезеңінде Чемпиондар Лигасына жолдама алуына шешуші ықпал етті.

Сейв жасау көрсеткіші матчқа қарамастан ең жоғары болып, бір ойында 6,2 сейв, ал гол алдындағы тиімді көрсеткіші 5,9 болды. MARCA мәліметі бойынша, екінші орында Никита Хайкин («Будо/Глимт») тұр – 4,1.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *