Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды
Айбек Смадияров Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Фото: Сыртқы істер министрлігінен












