Олимпиаданың қола жүлдегері 3 жылға сотталды
Олимпиаданың қола жүлдегері, белгілі спортшы Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды.
Бұл жайлы Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Онда Шабабайға үкім шығарылғаны, 3 жыл бас бостандығынан айырылғаны жазылған.
Айталық, ол биыл қыркүйекте мас күйде Ұлттық ұланның үш әскери қызметшісіне күш көрсеткен еді.













