«QAZAQ KÚRESI» коллекциялық теңгелері айналымға шықты
Қазақстан Ұлттық банкі «QAZAQ KÚRESI» коллекциялық теңгелерін айналымға шығарды.
Теңгелерді сату 2025 жылғы 17 желтоқсанда Ұлттық банктің ресми интернет-дүкені арқылы басталады.
Коллекция құрамына үш түрлі теңге енген:
-
925 сынамалы күміс, алтын жалатылған — салмағы 24 г, диаметрі 37 мм, proof сапасында, номиналы 1000 теңге, таралымы 2000 дана;
-
Мельхиор (МН 25) — салмағы 15 г, диаметрі 33 мм, brilliant uncirculated сапасында, номиналы 200 теңге, таралымы 5000 дана;
-
Нейзильбер (МНЦ 15–20) — салмағы 11,17 г, диаметрі 31 мм, uncirculated сапасында, номиналы 200 теңге, таралымы 50 000 дана.
Барлық теңгелер Қазақстан теңге сарайында дайындалған.













