Асанәлі Әшімов өмірден озды
Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрілігі растады. Қазақ киносы мен театрының аңызына айналған дара тұлғаның қазасына қайғырып көңіл айтамыз.
Марқұм, «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Жаушы» сынды туындылармен танылып, ұлт өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Қазақ киносының корифейі, аңылға айналған алып тұлға Асанәлі Әшімов өнегелі өмірін өнерге арнады. Тағдырын театрмен тоғыстырды. Бес күн жалғанда қуақы атаққа алдынбай, арзан мадаққа жалданбай жалғанда жарқырап ғұмыр кешті. Осынай болмыс иесі бүгін бақиға бетбұрды.













