Қазақстанда температура — 30 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы белсенді солтүстік-батыс циклоны қозғалады. Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қар аралас жаңбыр түрінде болады.

26 желтоқсанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін. Ал батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ болады. 27 желтоқсанда циклонның орнына суық батыс антициклоны келеді. Бұл жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Түнде солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде -25…-30°C, ал шығыста -22…-30°C дейін аяз болады, — деп жазылхан хабарламада.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *