Қызылорда жылдың үздік спорт өңірі атанды
Кейінгі жылдары Қызылорда облысында бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жаңа спорт нысандары салынып, ауыл-аймақтарда дене шынықтырумен айналысуға қолайлы жағдай жасалуда. Соның нәтижесінде өңір спортшылары республикалық және халықаралық ареналарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ел абыройын асқақтатып жүр.
Салтанатты жиында Сыр елінің спорттағы табысы жеке жетістіктермен де толықты. Грек-рим күресінен 26 жылдан кейін тарихи жеңіске қол жеткізген жерлесіміз Айдос Сұлтанғали «Жылдың үздік спортшысы» аталымына лайық деп танылды. Бұл қажырлы еңбек пен табандылықтың, кәсіби дайындықтың жемісі. Ал оның жеке бапкері Ғабиден Райымбек «Жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясын иеленіп, шәкірт тәрбиелеудегі жоғары шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Марапат иелерінің жетістігі тұтас өңірдегі спорт саласының жеңісі. Бұл табыстың артында жаттықтырушылардың жанкешті еңбегі, спорт мамандарының кәсібилігі және салаға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау тұр.
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі












