Париж, Белград, Токио, Гонконг биылғы жаңа жыл қарсаңында жаппай көше мен алаңдарда өтетін шараларынан бас тартты. Оның себебі — мигранттар тарапынан болуы мүмкін терактілер мен ұрыстардан қорқып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Елисей даласында бұрыннан қалыптасқан жүздеген мың көрермен жинайтын дәстүрлі концерт биыл болмайды. Жергілікті тұрғындарға теледидар арқылы алдын-ала жазылған бағдарлама ұсынылады. Париждің орталық көшелерінде серуендегендердің топтасып, жиналмауы үшін мерекелік шамдар сөндіріледі, ал фейерверктерді үйден ғана қарау ұсынылады.

Белград та дәл сондай шешім қабылдады. Мэрдің айтуынша, ол балалардың қауіпсіздігі үшін қатты алаңдайды. Өткен жылдардағы мерекелер айқай-шумен, төбелеспен аяқталды, ал полиция алаңға шыққан жұрттың толқынын әрең ұстап тұрды.

Токиода жаңа жылдық «қайта есептеу» жойылды — қала адам ағынын бақылай алмайтынын мойындады.

Германия да сақттық шараларын күшейтіп, артық ешкім кірмеуі үшін  жәрмеңкелер бетон блоктармен қоршалды, ал қауіпсіздік шығындары шамамен 50% -ға өсті. Магдебургте өткен жылғы терактіден кейін рождестволық жәрмеңкеге мүлдем тыйым салынды.

Австралия да солай болды. Сиднейде Бонди-бич жағажайындағы іс-шаралар тоқтатылды, оған 15 мыңға жуық адам келеді деп жоспарланған болатын. Қала билігі мерекелердің «ұстамды форматын» жасауға уәде етті, ал рождестволық шамдарды зардап шеккен еврей қауымымен ынтымақтастық белгісі ретінде ақ гирляндымен ауыстырды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда Сиднейдегі терактіде 16 адам қаза тапқан болатын. Бонди-бич жағажайындағы адамдарға екі ер адам оқ атты. Сол кезде онда Хануки еврей мерекесі өтіп, оған мыңнан астам адам жиналған болатын.

Еске салсақ, Катар астанасы Дохада жаңа жылды тойлау кезінде болған қақтығыс салдарынан ондаған адам зардап шекті.

Фото: Орда.кз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *