Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Алдағы күндері суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басады. Оңтүстңк өңірлерде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15° жетіп, күн күрт жылынады. Ал кей өңірде қар жауып, боран соғуы ықтимал.

30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жауын-шашын жаңбыр түрінде басталып, кейін қарға ауысады. Ал ҚР оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің екпіні күшейеді. 30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, 30–31 желтоқсанда шығыс өңірлерде ауа температурасы күндіз 2° аяздан 3° жылуға дейін көтеріледі деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15° жылуға жетеді, — деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *