2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Еліміздің жарқын келешегі үшін алдағы конституциялық реформаның мән-маңызы зор. Осы орайда келесі жыл 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл жайлы жаңа жылдық құттықтауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

 

Азаматтарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін бұл реформаны қолдайды деп сенемін. Біз энергетикалық әлеуетімізді нығайтып, агроөнеркәсіп кешені, су шаруашылығы мәселелерін шешіп, көлік-логистика саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын дамыта береміз,- деді қазақ басшысы.

Шағын және орта бизнес әрдайым мемлекеттің назарында болады. Барлық өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, жолдар жөнделеді, сондай-ақ тұрғын үйлер, мектептер, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандары бой көтереді.

Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ. Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – басты міндетіміз. Менің бастамаммен жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында осымен үшінші жыл қатарынан әр баланың есепшотына қаражат түседі. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындай береді. Біз білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға әрдайым айрықша назар аударамыз,- деді президент.

Коллаж ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *