Қазақстанның үздік 10 боксшысы анықталды
Рейтингтің бірінші орнын жуырда допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) иеленді. Қазіргі таңда ол орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып қала береді. Егер боксшының кінәсі дәлелденсе, оған дисквалификация мен чемпиондық белбеулерінен айырылу қаупі төніп тұр.
Қазақстандық үздік үш боксшы қатарына Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) енді.
Ал үздік ондықты төмендегі боксшылар түйіндеді:
— Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO),
— Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO),
— Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO),
— Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO),
— Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 KO),
— Ельшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO),
— Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO).
Бұған дейін World Boxing халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша дауыс беру нәтижесінде Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» атанған еді.
Фото: No Limit Boxing












