Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан деректер орталығының жедел мәліметтері бойынша, жер сілкінісі 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 10:15-та Жамбыл және Алматы облысы шекарасында болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 километр қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 балды құрады.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 баллды құрады. Эпицентрі Қордайдан солтүстік-шығысқа қарай 88 километр жерде орналасқан.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *