Қазақстанда жедел жәрдемнің орташа жету уақыты, шақыртулар саны мен сәтті реанимация көрсеткіші белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмектің негізгі көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Ведомство мәліметінше, өткен жылы Қазақстанда жедел жәрдем қызметі 7,4 млн шақыртуға қызмет көрсеткен. Бұл ретте сәтті реанимация көрсеткіші 8,2 пайызға артқан.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, шақыртулардың ең көп саны Алматы қаласында, Түркістан облысында және Астана қаласында тіркелген. Шақыртулардың басым бөлігін тыныс алу жүйесі аурулары – 23,8%, жүрек-қан тамырлары аурулары – 19,2%, өзге аурулар – 16,7%, жарақаттар, уланулар және жазатайым оқиғалар – 9,8% (оның ішінде жол-көлік оқиғалары), сондай-ақ неврологиялық аурулар – 9,6% құраған.

Сонымен қатар сәтті реанимация көрсеткіші 8,2 пайызға өсіп, 60,3% деңгейіне жеткен.

Жедел санат бойынша шақыртуды жедел жәрдем бригадасына беру уақыты орта есеппен 1,7 минутты құрайды. Ал бірінші санаттағы жеделділік бойынша бригаданың жету уақыты 8,8 минут, жол-көлік оқиғалары кезінде 8 минут болған, — делінген хабарламада.

Еліміз бойынша бір ауысымда 1 618 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның 258-і – мамандандырылған дәрігерлік, 1 360-ы – фельдшерлік бригадалар. Жедел медициналық жәрдем қызметінің кадрлық қамтамасыз етілу деңгейі 86,8%-ды құрады: дәрігерлермен қамтамасыз етілу – 74,8%, орта медициналық қызметкерлермен – 88,1%.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *