Атырауда жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды
Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. Ақпаратты Атырау облыстық полиция департаменті растады.
«Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі таңда өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады Атырау облысының ПД.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт бірдей мүшесі ізім-ғайым жоғалып кеткен болатын.













