Қазақстанның электронды үкіметінің баспасөз қызметі онлайн түрде мемлекеттік нөмір сатып алу кезінде “өтпей қалған” өтінімдер мәселесін қалай шешуге болатынын түсіндірді.

eGov қосымшасында мемлекеттік нөмірді онлайн алу қызметі іске қосылғанымен, пайдаланушылар бірқатар қиындықтарға тап болды. Қызмет ақысын төлегеннен кейін нөмір иесіне бекітілмей, қосымшада әлі де қолжетімді күйде қалған.

Бұл мәселені шешу үшін өтінімді қайта тапсыру қажет. Үшінші кезеңде «Бұрын төленген» тармағын таңдап, банк атауы мен төлем жасалған күнді көрсету керек. Процесс аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтінім берушілер үшін қолжетімсіз болады.

Айта кетейік, eGov қосымшасы мен электронды үкімет сайтында мемлекеттік нөмірді онлайн алу қызметі арнайы ХҚКО-ларда ажиотаж бен тірі кезектерді болдырмау мақсатында енгізілген.

Мәселен, 5 қаңтар күні Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдау бойынша жаңа қызметтің енгізілуіне байланысты сұраныс артқан.

Фото: Б.Жуасбаев

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *