ҰБТ ережелері: аудиторияда неге тыйым салынады және неге рұқсат етіледі?
ҰБТ-да:
— аудиториядан рұқсатсыз және сүйемелдеусіз шығуға;
— аудиториядан 10 минуттан артық шығуға;
— сөйлесуге, орын ауыстыруға;
— А4 парақтарымен алмасуға және аудиториядан шығаруға;
— тыйым салынған заттарды қолдануға;
— тестілеу кезінде шулауға;
— тест тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жариялауға;
— тестілеу жүйесіне сырттан араласуға;
— техниканы қасақана бүлдіруге тыйым салынады.
Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі немесе тәртіп сақтау ережесін бұзған тест тапсырушы тестілеуді аяқтай алмайды және нәтижесі жойылады.
ҰБТ барысында
— сұрақ болса, тестілеу администраторын шақырып, сұрауға;
— су ішіп, шоколад жеуге;
— орында отырып жаттығу жасауға;
— Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын сұрауға;
— жұмыс үшін берілген парақтар жетіспесе, қосымша сұрауға рұқсат етіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғанын жаздық. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі












