«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартайдың қатысуымен партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Жиынның күн тәртібінде мемлекеттік сатып алу саласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланып, кеңестің құрамына өзгеріс енгізілді.

«Мемлекеттік сатып алу саласында ұйымдастырылатын конкурстардың ашықтығы мен оңтайлылығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жергілікті атқарушы органдарға түсетін жүктемені азайту мақсатында, облыс әкімінің бастамасымен 2023 жылдан бастап, облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері және оларға бағынысты мекемелер арасында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы айқындалды.», — деді мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысы Бауыржан Шаменов.

Атап өту керек, бір облыста – бір ұйымдастырушы тәсілін республика бойынша бірінші болып, Қызылорда облысы енгізді.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтарды  және сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарды болдырмау және жаңа заңнаманы түсіндіру мақсатында 2025 жылы Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің және облыстық басқармалардың мамандары үшін 165-ке жуық іс-шара ұйымдастырылған.

Ұйымдастырылған шаралардың нәтижесінде 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы ішкі мемлекеттік аудит органдарымен келтірілген камералдық хабарламалар саны 5 есеге азайса, әлеуетті өнім берушілермен конкурс қорытындыларына берілген шағымдар саны 2 есеге төмендеген. Ал, мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, Басқарма тарапынан заң нормаларын қолдану тәжірибесінен жинақтаған ақпараттарға талдау жасап, мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру мақсатында 2025 жылы 100 ұсыныс жолданып, олардың бірқатары Қаржы министрлігі тарапынан қолдау тапқан.

Жиында барысында кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев: «Мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізіліп, мемлекеттің міндеттері мен функциялары қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге бұл қызмет негізінен қаржылық қатынастардан тұратындықтан және мемлекеттік органдармен бірге көптеген кәсіпкерлік субъектілерін қамтитындықтан өте маңызды болып табылады», — деді.

Мұнан бөлек жиын барысында кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Отырысты қорытындылаған филиал төрағасы Жандос Базартай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршаға ортақ міндет екендігін тілге тиек етіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық көріністері мен оның туындау себеп салдарын жою мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде бақылауда болатындығын атап өтті.

 

Фото: Партияның Қызылорда облыстық филиалы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *