«Роналдо Мерейұлы»: Танымал блогер ұлына футбол аңызының есімін берді

Маңғыстаулық блогер Әсел Еримбетова сәбиіне аңызға айналған футболшы Роналдоның есімімен атағанын айтты. 

Қуанышты жаңалығымен бойжеткен Instagram парақшасында бөлісіп, перзентханадан шыққан сәттің видеосын жариялады.

«Уразалы Роналдо Мерейұлы. Перзентханадан шығуды тыныш өткізгіміз келген, алайда күйеуімнің үйінде бізді ерекше тосынсый күтіп тұр екен. Осындай қамқор әрі жанашыр серігім бар екеніне Аллаға шүкір. Бақыт – осындай қарапайым сәттер», – деп жазды Асель.

Жарияланым астындағы пікірлер жабық болғанымен, отбасы есім таңдауға қатысты сын мен жағымсыз пікірлерге тап болғанға ұқсайды. Кейін Асель үйіне шыққаннан кейін тағы бір видео жариялап, ұлына мұндай есім беруінің себебін түсіндіріп, желі қолданушыларының сынына жауап берді.

Фото: ЖИ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Келесі Мақала:

0 %