Партияның Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ .
Жиынның күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын талқылау және фракцияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын пысықтау мәселелері қаралды.
Жиынды ашқан фракция жетекшісі Жорабек Нұрымбетов жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге, Үкіметтің есептілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ бұл реформалар «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан» құндылықтарын нығайтуға негіз болатынын жеткізді.
Өз кезегінде фракция мүшелері Жұмабек Ембергенов, Нұридин Әмитов, Ержан Искендер және партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова сөз алып, Конституциялық реформа төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды.
Жұмабек Ембергенов Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Конституциялық реформалар елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айқындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстандағы басқару жүйесінің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделуі апта көлемінде өткен саяси басқосуларда қабылданған нақты шешімдермен өзара үндестік тапқан.
Ал Нұридин Әмитов Конституция жобасы қоғамдағы әлеуметтік құқықтарды қорғаудың құқықтық негізін күшейтіп, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, тең құқықтық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және әлеуметтік қауіпсіздік тетіктерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Ержан Искендер өз сөзінде Конституция жобасы халық пен билік арасындағы сенімді арттырып, Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде орнықты дамуына берік негіз қалыптастыратынын жеткізді.
Фракция мүшелерінің пікірлерінен кейін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова сөз алып, «AMANAT» партиясы ашықтықты басты қағида ретінде ұстана отырып, азаматтарға жан-жақты әрі жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және халықпен тікелей, адал диалог орнатуға басымдық беретінін атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша фракция мүшелері 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын қолдап, тиісті қаулыны бірауыздан қабылдады. Аталған жоспар партия филиалының Саяси кеңесінде алдын ала келісілген. Онда фракция қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда тоқсан сайынғы отырыстар өткізу, азаматтарды жеке қабылдау, депутаттардың есеп беру кездесулері және басым міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар қамтылған.
Отырыс соңында фракция жетекшісі айтылған ұсыныстар алдағы бірлескен жұмыста ескерілетінін атап өтіп, депутаттардың белсенділігі өңірдің тұрақты дамуы мен ел бірлігін нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.
Фото: Партияның облыстық филиалы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *