Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз орнын басатын мұрагер ретінде ұлын дайындап жатыр.

20 жылдан астам уақыттан бері билік етіп келе жатқан Ердоған саясатқа өз ұлы Билал Ердоғанды біртіндеп тартуы мүмкін.

44 жастағы Билал уақыт өткен сайын көп көзге түсіп жүр. Мысалы, әкесімен шетелдік сапарларға бірге барады, шенеуніктерді іріктеуге қатысады және Түркияның билеуші партиясы — Әділет және даму партиясында өзіне адал жақтастар тобын құрып жатыр.

Билал әзірге саяси амбициялары бар екенін жоққа шығарса да, сарапшылар оның бейресми түрде көшбасшылыққа дайындықтан өтіп жатқанын және болашақта партия басшысы әрі вице-президент болуы мүмкін екенін айтады.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *