Ұлттық банк 2025 жылы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген айырбастау пунктері халыққа жалпы салмағы 1,1 т – 40 799 өлшемді алтын құймасын сатқанын мәлімдеді.

Алтын құймасы Қазақстанның 3 мегаполисінде көп сатылған.

«Халыққа арналған өлшемді құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Alatau city bank, ЦентрКредит банкі арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пункттерінде сатып алуға немесе кері сатуға болады», деп хабарлады Ұлттық банк.

Халық арасында салмағы 10 грамм алтын құймасы сұранысқа ие екен. Одан кейінгісі 5 грамдық құйма.

«100 грамдық құймадан – 53 289 дана (20%), 20 грамдықтан – 49 154 дана (19%) және 50 грамдық құймадан – 35 356 дана (13%) сатылды», деп қосты Ұлттық банк.

Ұлттық банк әрбір алтын құймасының арнайы қорғалғанын ескертті. Сонымен қатар, олар механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығарылады. Осы арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *